басқы бет      
 

RunLab USB Disk Cleaner

RunLab USB Disk Cleaner v3.2 – ақпараттарды тасымалдауға және сақтауға арналған флэш карталар мен USB дискілерді компьютерлік вирустардың шабуылынан кейін қалпына келтіруді жүзеге асыратын шағын антивирустық программа (антивирусная утилита). Бұл толық функционалды антивирус емес! Тек вирустардың шабуылынан кейін флэшкадағы көрінбей қалған файлдарды бұрынғы түріне келтіреді. Программаның интерфейсі қазақ тілінде жасалынған. Ақпараттық қауіпсіздік саласына арналған тұңғыш қазақ тіліндегі программалардың бірі болып саналады.

RunLab USB Disk Cleaner – қарапайым компьютерлік қолданушыларға көмек көрсету мақсатында құрастырылған. Қазіргі таңда флэш карталар арқылы тарайтын вирустардың саны да күн санап артып келеді. Осындай флэшкалар арқылы таралатын вирустар компьютерлік жүйеге ғана зиян келтіріп қоймай, флэшканың ішіндегі ақпараттарды жасырып тастау, олардың құрылымын өзгерту, тіпті кей жағдайларда жою жіберуге дейінгі іс-әрекеттерді жасайды. Ақыр соңында флэшканың иесіне айтарлықтай зиян келтіріледі.

Флэшкасының ішіндегі құжаттарын жоғалтып алып, оны қайтадан жазған немесе құнды файлдарынан айырылып қалдым деп жүйкесі тозған қолданушылар қанша ма? Міне, осындай күрделі мәселенің шешімі ретінде RunLab USB Disk Cleaner программасы құрастырылып тегін түрде таратылуда.

 

RunL@b USB Disk Cleaner программасы негізгі 5 бөлімнен тұрады:

Флэшканы тексеру. Бұл қызмет компьютерге қосылаған флэшканы тексеріп, оның ішіндегі күдікті файлдарды іздеуге арналған. Шын мәнінде бұл қызмет флэшка компьютерге қосыла салысымен автоматты түрде іске кіріседі. Бірақ, автоматты режимде тексеру жылдамдығы жағынан тез болғанымен, толық мәнді тексеру жүргізбейді. Ал толық тексеру үшін программаны ашып, негізгі қызметтен осы «Флэшканы тексеру» командасын таңдау қажет. Тексерудің соңында қорытындысы көрсетіледі.

Жасырын файлдарды іздеу. Флэшкада бұрын болған және кейінен көрінбей қалған файлдарды ашу үшін немесе флэшкадағы басқадай жасырын түрде тұрған вирус қалдықтарын жою үшін осы қызмет таңдалынады.

USB флэшканы қорғау. Флэшканы autorun-дық вирустардан қорғауға арналған арнайы вакцинаны енгізуге арналған қызмет.

Қызметтік программалар. Бұл бөлім арқылы вирустармен күресу кезінде көмегі болатын Windows-дың арнайы қызметтік программаларын іске қосуға болады. Бұл бөлімді негізінде арнайы білімі бар адамдар (жүйелік администраторлар) қолданған жөн. Ескерту! Егер де бұл программалармен жұмысты жақсы меңгермеген болсаңыз, осы бөлімнің қызметін пайдаланбаған дұрыс.

Флэшканы форматтау. Вирус жұқтырған флэшка толығымен емделмесе немесе ішінде вирустардан қалған қалдықтар жойылмаса, онда флэшканы форматтаған дұрыс. Бұл қызмет Windows-дың арнайы дискіні форматтауға арналған қызметін ашып береді. Осы қызмет арқылы сіз өз флэшкаңызды форматтай аласыз. Ескерту! Форматтау – қайтарымсыз процесс. Сондықтан да форматтауды жүргізбес бұрын ішіндегі қажетті, құнды файлдарды алдын-ала басқа жерге көшіріп қойған дұрыс.

 

RunL@b USB Disk Cleaner программасын жүктеп алу

Бұл программаны компьютеріңізге жүктеп алып, орнату арқылы ғана пайдалана аласыз. Орнатушы файл (дистрибутив) операциялық жүйенің түріне қарай екі түрде құрастырылған.

32 разрядты Windows операциялық жүйесіне арналған файлды мына жерден аласыз.

64 разрядты Windows операциялық жүйесіне арналған файлды мына жерден аласыз.

Ал компьютеріңіздегі операциялық жүйенің қандай разрядты екенін білу үшін келесі амалдарды орындау қажет:

  • Жұмыс үстеліндегі "Компьютер" сілтемесін таңдап, тінтуірдің (мышканың) оң жақ батырмасын басасыз.

  • Ашылған менюден (командалар тізімінен) "Свойства" сөзін таңдаңыз.

  • Ашылған терезедегі "Система" бөлімінің "тип системы" жолынан қандай разрядты операциялық жүйе екенін көре аласыз.

 

 

 
  Мақалалар, нұсқаулықтар
  Программалар
  Пайдалы кеңестер
  Оқығаныңыз артық болмас
  Автор туралы бірер сөз

 

 
         
 

 

RunL@b Studio © 2005-2014

 
Free Web Hosting