Жоба авторы
Хаумен
Арманбек Қауменұлы
1974
жылы туған.
1996-2000
жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің механика және
математика факультетінде оқып, математик мамандығын алған.
2000-2002
жылдары осы факультеттің магистратурасында оқыған.
2000-2003
жылдары «Республикалық ақпараттық есептеу орталығында»
инженер-программист,
2003-2004
жылдары ҚР Ұлттық банкі «Банктік сервис бюросында» жетекші инженер-программист,
2004-2005
жылдары «Республикалық ақпараттық есептеу орталығында» директордың
орынбасары, жоба жетекшісі қызметтерінде болған.
2005 жылдан
бері Алматы облысы Жамбыл ауданы Ақсеңгір орта мектебінде
математика-информатика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарып келеді.
Қазіргі таңда мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары
қызметінде. Жоғарғы санатты мұғалім.
«RunL@b
Sozdik» қазақша-орысша сөздік, «Мектеп» автоматтандырылған
жүйесі, «Small Test» тестілеу программасы және «RunL@b USB
Cleaner» атты көптеген программаларды құрастырып шығарған.
2009 жылғы
Алматы облысы бойынша «Ең үздік электрондық оқыту құралдары»
байқауының жеңімпазы. 2010 жылы Қазақстан республикасы Білім және ғылыми
министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
E-mail:
runlabstudio@gmail.com
|