|
Қош келдіңіз!
Ақпараттық
қауіпсіздік - қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі. Соның ішінде
компьютерлік жүйелердің қауіпсіздігі ақпараттық технологияларды
қолданатын әрбір адамның ойынан кетпейтін күрделі мәселеге айналуда.
Кез-келген
салада қызмет жасайтын әр адам бүгінгі таңда өз жұмысын міндетті түрде
компьютердің көмегімен жүзеге асыратын болды. Компьютерлік
технологиялардың адам өміріне күн санап емес, сағат санап еніп бара
жатқаны соншалық, тіпті адамдар осы технологиялардың өзін меңгеріп
үлгермейтіндей жылдамдықпен дамуда. Әрине, мұның адам өміріне, қоғамға
тигізер пайдасын айтып жеткізе алмаймыз. Бірақ, әр жақсылықтың кері беті
болатындай, компьютерлік технологиялардың да адамдардың іс-әрекетіне
зиянын тигізер әсері де өсіп барады. Бұл жерде біз компьютерлік
жүйелерге зиянын тигізіп отырған "компьютерлік вирустарды" айтып
отырмыз.
Компьютерлік
вирустардан келіп жатқан шығынды, зиянды айтып жеткізу мүмкін емес.
Десек те, осы бір зиянкестерден сақтанудың, қорғанудың жолдарын іздеп,
саралап, көпшілік қауымға ұсынуды мақсаты етіп қойдық. Сонымен қатар,
компьютерлік зиянкестермен күресудің басты жолы - қатардағы
қолданушылардың ақпараттық қауіпсіздік саласы бойынша сауаттылығын
арттыру. Міне, осы бір күрделі істің аз да болса шешімін табуға тырысып,
өз тәжірибелерімізбен бөліспекпіз.
Сонымен іске сәт!
|
|
|
|